«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1409 Қаулысы
(2022.28.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2022.28.04. № 261 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2022.28.04. № 261 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2018.12.02. № 47 Қаулысымен стратегия жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1409 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2022.28.04. № 261 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының
2013 – 2022 жылдарға арналған даму жоспары
ҚР Үкіметінің 2022.28.04. № 261 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Кіріспе
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 тамыздағы № 822 қаулысына сәйкес компанияның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылды. 2015 жылғы 29 қаңтарда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мемлекеттік акциялар пакеті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ) сенімгерлік басқаруына берілді.